Лекция 13

 

Тақырыбы: Тамақтану гигиенасы. Тамақтық заттар, олардың құрамы және энергиялық бағалылығы. Тамақтанудың тәртібі мен реті.

Жоспар

1.   Тамақтану гигиенасы.

2. Тамақтық заттар, олардың құрамы және энергиялық бағалылығы. Тамақтанудың тәртібі мен реті.

Витаминдер және оның маңызы. Витаминдер оргаизм қалыпты жҰмыс iстеу ұшiн керек органикалық заттар. Олар көптеген ферменттердiң қҰрамына кiредi. Осының өзi-ақ олардың зат алмасудағы маңызын көрсетедi.  Витаминдер гармондар әсерiн кұйшейтедi, организмдердiң инфекцияға, жоғары, төмен температура әсерлерiне тағы сол сияқтыларға төзiмдiлiгiн арттырады.  Вмтаминдер өсудiң қарқынды жұруiн,  травма, операциядан кейiн ткандар мен клеткалардың қайта қалпына келуi ұшiн қажет-ақ.

Витаминдердiң ферменттер мен гормондардан  ерекшелiгi көпшiлiгi организмдерде  тұзiлмейдi. Олардың негiзгi көзi - көкөнiс, жемiс-жидектер.  Сондай-ақ витаминдер сұтте, етте, балықтарда мол. Витаминдер организмге өте аз мөлшерде ғана керек. Бiрақ, соның өзiнде  олар болмаса соған байланысты ферменттер тұзiлмейдi.

Авитаминоз дегенiмiз белгiлi бiр витамин жетiспеуiнен болатын ауыр аурулар. Организм қалыпты дамып жетiлуi ұшiн мына витаминдер керек: Витамин В1- тиамин, не аневрин. Ол орман жаңғақтарында,  қабығына ажыратылмаған кұрiште, iрi тартылған Ұнда, арпа, тары дәндерiнде болады, әсiресе сыра ашытқылары мен бауырда мол.

Тамақта витамин В1 жетiспегенде бери-бери кеселiне шалдығады. Аурудың тәбетi болмай, тез шаршап қалады, аяқтары әлсiрейдi. Одан әрi аяқтарының бҰлшық еттерi сезмнен қалады. Есiту, көру нервтерi зақымданады, сопақша ми мен жҰлын клеткалары iстен шығып, аяқтары параличке айналады. Уақтылы емделмесе өледi.

Вмтамин2- рибофлавин. Нанда, гречкода, сұтте, жҰмыртқада, бауырда, етте, томатта болады.  Адамға осы витамин жетiспегенде терiлерi, әсiресе ерiндерiн жара басады.  Жарылып, су шығады. Ол жерлер қара қабыршақтанады.  Кейiнiрек көздерiн де жара басып, қабыршақтары тұсе бастайды. Одан әрi iсiктi қан жетiспеуi,  нерв жұйесi зақымданады, кұрт қан қысымы төмендейдi, организм тырысып, естен танады.

Витамин РР- никотинамид. Көкөнiстерде, сәбiз, картоп, бҰршақ, ашытқы, гречко, қара нада, нанда, сұтте, етте, бауырларда болады.  РР авитаминозы кезiнде ауызы қыжылдап, сiлекей мол бөлiне бастайды, iшi өтедi. Тiлдерi қызарып кетедi. Іолдарын, мойындарын, беттерiн қызыл теңбiл басады. Терiлерi кедiр бҰдыр болып болып кетедi, осынысына орай оны “пеллагра” деп атаған. Ол итальянша кедiр-бҰдыр деген сөз. Ауру асқынғанда адамдардың еске сақтау қабiлетi нашарлап, психоз, галлюцинация пайда болады.

Витамин В12 - цианкобалламин.  Адам iшегiнде синтезделедi. Сұт қоректiлердiң бұйректерiнде, бауырларында және балықтарда болады.  Ол организмде жетiспеген iсiк қан азаюы пайда болады. Іандағы эритроциттер азайып кетедi.

Витамин -аскарбан қышқылы. Көкөнiсте, жемiстерде, ағаш қылқандарында, бауырда кең таралған.  Олар ашытқан капустада жақсы сақталады. 100г  қылқанда 250 мг, ал ит мҰрын-шиповникте - 150 мг витамин С болады.  С витаминiнiң жетiспеуi цинга ауруының пайда болуына әкеп соқтырады. Ауру  жалпы мазасы болмай,  қысылып жұруден басталады. Терiлерi нашар тұске енедi, иектерi қанталап, тiстерi тұсе бастайды.  Денелерiнде қан жиналып, қара дақтар пайда болады. Бiрқатары ашылып, қатты ауыртады. Ертеректе  цингадан көп адам қырылған.

Витамин А - ретинол, аксерофтол. Адам организмiнде А витаминi табиғатта кең таралған провитамин каротиннен тұзiледi. Каротин  жаңа жҰлынған сәбiзде, помидорда, салатта, өрiкте, балық майында, сары майда, бауырда, бұйректе жҰмыртқа сарысында мол.

А витаминi жетiспегенде балардың өсуi баяулайды, “намазшам көр” ауруы пайда болады. Оның алдын алмаса тұбегейлi соқыр да болып қалу мұмкiн.

Витами D- эргокальциферол. Ол жҰмыртқа сарысында,  сұтте, балық майында болады. Балаларда кең таралған кеселдiң бiрi рахит. БҰл кесел кезiнде сұйек дҰрыс дамып қалыптаспайды. Бас сұйегi былқылдап, аяқтары қисайып қалады. Бас сұйегiнiң босаған жерiнен гипертрофиялық  шұйде, маңдай төмпешiктерi пайда болады. Селсоқ, боп-боз, басы қазандай ауру балалардың ақыл-есi де жөндi дамымай қалады. D витаминi жетiспеу ауыр ауытқулар туғызады.

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Тамақтану гигиенасы.

2. Тамақтық заттар, олардың құрамы және энергиялық бағалылығы.

3. Тамақтанудың тәртібі мен реті.

4. Витаминдердiң ферменттер мен гормондардан  ерекшелiгi

5. Авитаминоз дегенiмiз не.

 

Әдебиеттер

 

1.Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негiздерi. Алматы, Абай атындағы АЛМУ. 1985 .

2.Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы,физиологиясы және мектеп гигиенаының негiздерi. Алматы, РБК,1993.

3.Сатпаева  Х.Қ. Валеология-денсаулық туралы ғылым. Алматы.Ғылым ,1999

 

 

Лекция 14

Тақырыбы: Сыртқа шығару мұшелерiнiң жас ерекшелiктерi. Бұйректің құрылысы мен қызметтерi. Зәр шығару жұйесі.

Жоспар

1.   Сыртқа шығару мұшелерiнiң жас ерекшелiктерi.

2. Бұйрек тің құрылысы мен қызметтерi. Зәр шығару жұйесі.

Зәр шығару органдарының маңызы.Организм iшкi ортасының тҰрақтылығын қамтамасыз етуде зәр шығару органдарының қызметi орасан зор.  Олар организмнен қажеттен артық су мен тҰздар сияқты зат алмасу заттарын шығарады. Зәр шығару органдарына  өкпе, iшек, терi, бұйректер жатады. lшектен нәжiспен бiрге ауыр металлдар тҰздары, сорылмаған ас қалдықтары, су шығарылады. Тер арқылы су, тҰздар, органикалық заттар шығарылады.

         Зәр шығару жҰмыстарының негiзiн атқаратын бұйректер. Зәрмен бiрге су, тҰздар, аммиак, мочевина, зәр қышқылы шығарылып, қанның осмос қысымы қалыпқа енiп отырады. Бұйрек арқылы организмде тұзiлген, немесе дәрi ретiнде iшiлген улы заттары да шығарылады.

Бұйрек қанның белгiлi тҰрақты реакциясын Ұстап тҰрады. Іанда қышқыл не сiлтi алмасу заттарының жиналуы сол заттардың бұйректен шығуын арттырады. Іан реакциясының тҰрақты Ұстауда бұйректiң аммиак синтездеу қабiлетi аса маңызды. Аммиак синтезделгенде қышқыл заттар бейтараптанады.

Бұйректiң жас ерекшелiктерi. Жасына қарай адамда тұзiлетiн зәрдiң мөлшерi мен қҰрамы өзгерiп отырады. Балаларда зәр ересектермен салысиырғанда мол тұзiледi. Су алмасуы қарқынды жұруiне байланысты, олардың рационында су мен көмiрсулар мол болуына байланысты зәр шығару жиi жұредi.Нәрестеде бастапқы 3-4 кұн ғана зәр бөлiнуi аз. 1 айлық балада кұнiне 350-380 мл бөлiнсе, ал бiр жасқа келгенде - 750 мл,  4-5 жаста - 1 л шамасында, 10 жасында - 1,5 л болса, кәмелетке жеткенде 2 л-ге дейiн зәр шығарылады.

         Нәрестенiң зәрi кұштi қышқыл болады. Жасы артқан сайын ол азяды. Зәр қышқылдығына әрине балалардың iшкен тамағы да әсер етедi.  Еттi көп жегенде зәр қышқыл, өсiмдiк тектi тамақ жегенде сiлтi зәр тұзiледi.

         Жаңа туған балаларда бұйрек өткiзгiштiгi жоғары, сондықтан олардың зәрiнде белок табылады. Ересек денi сау балалардың зәрiнде белок болмауға тиiс.

Зәр шығару органдары ауруының алдын алу. Балалар ұйiнде,  мектеп-интернаттарда, балалар лагерлерiнде энурезбен ауыратындарға ересектер ерекше қараулары керек.  Олар  туралы топ iшiнде талқыланбауы керек.

         Ондай аурумен ауыратындар тәулiк режимiн, тынығуды, тамақтану режимiн сақтап, суды мейлiнше аз iшулерi керек, әсiресе Ұйқтар алдында. Тұс қайта физикалық жағынан ауыр тиетiн ойындар ойнамау керек. Тұнде ондай балаларды 1-2 рет тҰрғызып отыру керек.

         Балалардың жеке гигиенасын тура сақтамауы зәр шығару жолдарының жеңiл зақымдануына әкеп соқтырады. Балаларға таңертең де, кешке де жылы сумен сабынмен жуынып отыруға дағдыландыру керек. Ол ұшiн олардың әрқайсысының сұлгiлерi болып, оларды аптасына бiр рет қайнатып отыру керек.

         Бұйректiң кенет және созылмалы ауруларын болдырмаудың жолы - скарлатина, отит, терiнiң iрiңдi қабынуы, дифтерия, қызылша сияқты инфекциялық ауруларды болдырмау. Ондай аурулар болған кұнде оны асқынып кетуден сақтану.

 

 

Бақылау сұрақтары

1.Сыртқа шығару мұшелерiнiң жас ерекшелiктерi.

2. Бұйрек тің құрылысы мен қызметтерi.

3. Зәр шығару органдарының маңызы

4. Зәр шығару органдары ауруының алдын алу

5. Зәр шығару жұйесі.

.

 

Әдебиеттер

 

1.Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негiздерi. Алматы, Абай атындағы АЛМУ. 1985 .

2.Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы,физиологиясы және мектеп гигиенаының негiздерi. Алматы, РБК,1993.

3.Сатпаева  Х.Қ. Валеология-денсаулық туралы ғылым. Алматы.Ғылым ,1999